Шарм-эш-Шейх
1. Шарм-эш-Шейхке келген туристердің барлығының құжатына «Sinai only» мөрі басылады - бұл Синай түбегінде 15 күнге дейін тіркеусіз жүруге мүмкіндік береді.
2. Егер туристер Шарм-эш-Шейхте 15 күннен артық уақыт болса, олар виза рәсімдеп(25$), тіркеуден(15$) өтуі керек.
Хургада
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары, жас ерекшелігіне қарамай, әуежайға келгеннен кейін Виза рәсімдеуі(құны - 25 АҚШ доллары) және міндетті түрде тіркеуден өтуі керек (15 АҚШ доллары).
Мерса-Матрух
Қазақстан азаматтары, жас ерекшелігіне қарамай, ұшып келгеннен кейін Виза(25$) алуы тиіс.
СНГ елдерінің азаматтары Камбоджа еліне саяхаттау үшін виза рәсімдеу қажет.
Визаны бірнеше тәсілмен алуға болады, ол - ұшу уақыты мен төлем мүмкіндігіне байланысты:
1. Картамен төлем жасайтын болсаңыз және ұшудан 3 күн алдын:
Туристік e-Visaсына ("Т" түрі) картамен төлеп, сайт арқылы рәсімдеңіз. Бұл паспорттық бақылаудан өтуді және ұшып келгенде багаж алуды тездетеді. Виза құны - 36-37 доллар.
2. Картамен төлеуге мүмкіндігі жоқ немесе уақыты 3 күннен де аз адамдар үшін:
Елге келгенде қолма-қол төлеммен E-Arrival визасын таңдаңыз. Камбоджа әуежайларында сауалнаманы тез толтыру үшін Wi-Fi және QR кодтар бар, ал рәсімдеуге осындағы қызметкерлер көмектеседі. Елге келген кезде виза алу бағасы - 30 доллар. Күрделілік болмас үшін ірі номиналды купюраларды майдарағына алмастырып қойыңыз.
3. Визаны алдын ала рәсімдеуге мүмкіндігі жоқ немесе үлгермеген азаматтар:
2-ші тармақтағыдай, қолма-қол төлеммен E-Arrival визасын таңдайсыз. Бірақ бүкіл процесс (сауалнаманы толтыру, төлем жасау, төлқұжатты тексеру) әуежайда өтеді, сондықтан біраз уақытты алуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ:
Барлық саяхатшылар Cambodia e-Arrival көші-қон картасын толтыруы тиіс. Arrival.gov.kh картасын толтырып, электронды визаға жіберуге болады. Cambodia e-Arrival - Камбоджаға келуді жеңілдететін, қағазды алмастыратын жаңа жүйе. Сауалнаманы толтырғаннан кейін туристер QR кодын алады.. Оны сақтап алып, шекарадан өту кезінде көрсету керек. Cambodia e-Arrival - бұл виза емес.
Қосымша ақпарат:
Саяхатшылардың барлығы елге келмей тұрып, 7 күн бұрын электронды визаға өтініш бере алады, ал туристік визаның жарамдылық мерзімі - 30 күн.
Баламен сапарлаған жағдайда қол жүгінде ұшу кезінде қажетті балалар тағамын алып өтуге рұқсат етіледі. Оған құрғақ сүт қоспасы, бөтелкеге алдын ала дайындалған қоспа, ыстық су құйылған термос, балалар езбесі (пюре) және баланы тамақтандыруға қажетті басқа да өнімдер жатады.
Ұшу кезінде пайдалануға арналған балалар тағамына, әдетте, сұйықтықтардың көлеміне қойылатын стандартты шектеулер қолданылмайды. Алайда қауіпсіздік бақылауынан өту кезінде авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оның ішіндегісін тексеру үшін көрсетуді сұрауы мүмкін.