Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Қосымша қызмет

Не үшін?

  1. Онлайн тіркеу рейске 24 сағат қалғанда ашылады, ұшудан 4 сағат бұрын жабылады. Бұл - әуежайдағы уақытыңызды үнемдеуге өте ыңғайлы тәсіл.
  2. Әуежайда кезекке тұрудың қажеті жоқ.
  3. Онлайн тіркеу жасап, ақылы орындарды таңдай аласыз.
  4. Қызмет түрлерін алдын ала қосуға болады.
  5. Салоннан ыңғайлы орын таңдау мүмкіндігі бар.

❗❗ МАҢЫЗДЫ! ❗❗

Келесі рейстер бойынша онлайн тіркелу қолжетімді емес:

Хайнаньнан (Қытай)
Данангтан (Вьетнам)

Осы рейстерге тіркелу тек әуежайда жүзеге асырылады.

Ақылы орындарды таңдау ұшуға 48 сағат қалғанда «Қосымша қызметтер» бөлімінде қолжетімді.

 

Менің брондауларым

Брондауыңызды, күйді бақылауды, тіркелуді және т.б. басқарыңыз

Онлайн-тіркеу

Онлайн тіркелудің ашылу және жабылу уақыты

Sunday Airlines рейстеріне онлайн тіркелу ұшуға 24 сағат қалғанда ашылып, ұшуға 3 сағат қалғанда жабылады (жоспарланған ұшу уақыты бойынша).

Онлайн тіркелуден өткен болсаңыз да, әуежайға уақытылы келуіңіз қажет.

  • Жолаушыларды тіркеу және багажды қабылдау:
    • халықаралық рейстерде – ұшуға 60 минут қалғанда;
    • ішкі рейстерде – ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады.

Онлайн тіркелуден кейін жолаушы билеттегі маршрутқа сәйкес халықаралық немесе ішкі рейстер терминалына ұшуға кемінде 60 минут қалғанда келуі тиіс.

Әуежайға келгеннен кейін қауіпсіздік бақылауынан дереу өтіп, қағаз немесе (егер әуежайда қабылданса) электрондық отырғызу талонын көрсетіп, отырғызу қақпасына өту ұсынылады.

Онлайн-тіркеу бойынша нұсқаулық

Онлайн тіркелу

Онлайн тіркелу ұшуға 24 сағат қалғанда ашылады. Онлайн тіркелуден сәтті өту үшін билетіңіз бен төлқұжатыңыздағы мәліметтерді алдын ала дайындаңыз.

Онлайн тіркелуге кіру үшін

Келесі деректерді енгізіңіз:

  • Тегі – төлқұжатта көрсетілгендей латын әріптерімен.
    Мысалы: IVANOV
  • Төлқұжат нөмірі
    • Қазақстан Республикасы азаматтары төлқұжат нөмірінің алдына міндетті түрде латынның N әрпін енгізуі қажет.
      ✅ Дұрыс: N12345678
      N әрпі көрсетілмесе, жүйе брондауыңызды таппауы мүмкін.
    • Ресей Федерациясының азаматтары төлқұжаттың сериясы мен нөмірін бос орынсыз, тұтас енгізуі қажет.
      Мысалы: 65123456
  • Рейс нөмірі – авиакомпанияның әріптерінсіз, тек сандармен енгізіледі.
    Мысалы: 5237
  • Ұшу күніКК.АА.ЖЖЖЖ форматында енгізіледі.
    Мысалы: 01.01.2025

Жүйеге кіргеннен кейін

Деректер сәтті тексерілгеннен кейін:

  • жолаушыны таңдаңыз;
  • ұшақтағы орынды таңдаңыз;
  • қажет болған жағдайда қосымша қызметтерді (жайлылығы жоғары орындар, қосымша багаж және т.б., қолжетімді болса) рәсімдеңіз;
  • отырғызу талонын алу үшін электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз;
  • тіркелуді аяқтаңыз.

✅ Онлайн тіркелу аяқталғаннан кейін отырғызу талоны көрсетілген электрондық поштаңызға жіберіледі. Сапар алдында оны телефоныңызға сақтап қоюды немесе басып шығаруды ұсынамыз.

Онлайн тіркелу кезінде қате. Жүйе менің брондауымды таппайды.

Онлайн тіркелу кезіндегі қате

Онлайн тіркелуден өту кезінде жүйе брондауыңызды таппай ма немесе қате көрсетіп тұр ма?

Қолдау қызметіне хабарласпас бұрын, келесі әрекеттерді орындауды ұсынамыз:

  1. Енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріңіз.
    Тегіңіз, төлқұжат нөмірі, рейс нөмірі және ұшу күні онлайн тіркелу нұсқаулығына сәйкес дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
  2. Онлайн тіркелудің ашылу уақытын тексеріңіз.
    Онлайн тіркелу ұшу елі бойынша жергілікті уақытпен ұшуға 24 сағат қалғанда ашылады.
  3. Турды немесе әуе билетін сатып алған турагентке немесе компанияға хабарласыңыз.
    Туроператор сіздің мәліметтеріңізді әуекомпанияға жіберіп, жолаушылар тізіміне енгізгенін нақтылаңыз.

    Әдетте әуе билеттерін рәсімдеу (шығару) ұшуға 48 сағат қалғанда басталады, алайда кейбір жағдайларда билеттер кейінірек рәсімделуі мүмкін. Егер алғашқы екі тармақты тексеріп, барлық мәліметтер дұрыс енгізілген болса, әуе билеті рәсімделгенге дейін турагентіңізбен байланыста болуды ұсынамыз.

Назар аударыңыз: әуекомпанияның қолдау қызметі әуе билеттерін рәсімдеумен айналыспайды және олардың рәсімделу мерзіміне әсер ете алмайды.

Онлайн-тіркеу кімдерге рұқсат етілмейді

- мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға
- жануарларды алып жүретін жолаушыларға
- арнайы сұранысы бар жолаушыларға(спорт жабдықтары, қару түрлері)

Әуекомпанияда жолаушыны онлайн тіркеуден өткізу қызметіне кім жауапты?

Жолаушы онлайн-тіркеуден Әуекомпанияның ресми сайтынан өздігінше өте алады. Әуекомпания өкілдері жолаушыны онлайн-тіркеуден өткізе алмайды. Сондай-ақ, жолаушы онлайдан-тіркеуден өтерде ұшуда қандай заттарды алып өтуге болмайтынын біліп, онлайн-тіркеудің ережелерімен танысады.