Сайттың жоғарғы оң жақ бұрышынан өзіңізге қолайлы төлем валютасын таңдаңыз. Бұдан кейінгі барлық есептеулер мен турлардың бағасы таңдалған валютада көрсетіледі.
2. Турды іздеу
Сайттың басты бетіндегі «Турлар» бөліміне өтіңіз немесе «Турлар топтамасы» бөлімін таңдаңыз. Ашылған терезеде іздеудің қажетті параметрлерін көрсетіңіз:
ұшу қаласы және баратын бағыт;
ұшу күндері;
болжалды түн саны;
туристер саны.
Көрсетілген параметрлер негізінде жүйе құны мен тұру шарттарын ескере отырып, қолжетімді тур нұсқаларын ұсынады.
3. Қонақүйді таңдау
Өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдап, тур туралы толық ақпаратпен, қонақүй сипаттамасымен, тұру шарттарымен және бағалар күнтізбесімен танысыңыз.
4. Туристердің деректерін енгізу
Әр туристің жеке деректерін паспортта көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырыңыз:
тегі мен аты — латын әріптерімен;
туған күні;
жынысы;
паспорт деректері.
Турды немесе әуе билетін рәсімдеу кезінде жүйе паспорттың фотосуретін жүктеуді сұрайды.
5. Байланыс деректері және төлем тәсілі
Өзекті байланыс деректеріңізді енгізіп, өзіңізге қолайлы төлем тәсілін таңдаңыз.
6. Төлем тәсілдері
Назар аударыңыз: тур ақысын банк картасымен немесе әуе компаниясының кеңсесінде қолма-қол ақшамен төлеуге болады.
7. Менеджермен байланыс
Өтінім рәсімделгеннен кейін туристік бөлімнің менеджері сізбен байланысып, тапсырысыңызды рәсімдеу және сүйемелдеу бойынша ақпарат береді.
8. Брондауды растау
Рәсімделген өтінім растау үшін туроператорға жіберіледі. Туроператордан растау алынғаннан кейін менеджер сізбен байланысып, тапсырыстың мәртебесі мен одан әрі орындалатын әрекеттер туралы өзекті ақпаратты ұсынады.
Маңызды ақпарат
Өтінімдерді менеджерлер тек жұмыс уақытында, күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өңдейді. Брондау рәсімдеу және кері байланысты күту кезінде осы жұмыс кестесін ескеруді сұраймыз.




Қолдау чаты турпакеттерді, авиабилеттерді рәсімдеу, сондай-ақ рейсте ақылы қызмет түрлері көрсетуді қолдау мақсатында құрылған.
Иә, турпакеттен бас тартуға болады. Бірақ, әр жағдайға қатысты әр түрлі айыппұл қарастырылған (мөлшері - 0-ден 100%-на дейін). Шарты турдың күніне, турдан бас тарту уақытына, бас тарту себебіне, туроператорға, сапарға шықпаған жағдайға қатысты сақтандыру болған-болмағанына және т.б. тұстарға байланысты болады. Чартерлік рейстерге алынған авиабилеттер қайтарылмайды.
Сіздің сақтандыру полисіңізде қоңырау шалу және сақтандыру жағдайын тіркеу үшін жазылған телефон нөмірі бар. Ол үшін сақтандыру нөмірін айтасыз және болған жағдайды егжей-тегжейлі сипаттап беруіңіз қажет. Содан кейін сізге қажетті ақпарат пен тиісті көмек көрсетіледі. Сақтандыру жағдайы бір күн ішінде тіркелуі керектігін ескеріңіз, мүмкіндігінше, тезірек істеген дұрыс.